Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстан арқылы Қытайға автокөлік транзит күшейтеді


Өзбекстан билігі Тәжікстан аумағы арқылы Қытайға автокөлік транзитін күшейтуді көздеп отыр. Ел президенті Шавкат Мирзияев тиісті жарлық қабылдады деп хабарлады РИА Новости.

Өзбекстан көлік секторының транзиттік әлеуетін арттыру шаралары бекітілген. "Өзбекстан - Тәжікстан - Қытай бағыты бойынша автошеру ұйымдастырылады" делінген "жол картасының" бір тарауында.

Өзбекстан көлік министрлігі өкілінің айтуынша, автошеру Өзбекстан мен Тәжікстанның Қытайға тікелей жүк жеткізу мүмкіндігін анықтап береді.

"Автошеру бағыты қазір анықталып жатыр", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

XS
SM
MD
LG