Ссылки доступа

Қырғызстанда сотталған саясаткерлер өздерін ақтау үшін БҰҰ-ға шағымданады


Саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі комитеті Алмазбек Атамбаев президенттігі кезінде "репрессияланған" саясаткерлерді толық ақтауды ұсынды.

Түрмеден босап шыққан саясаткерлер өздерін ақтау үшін сотқа, прокуратураға және халықаралық ұйымдарға шағымдануды көздеп отыр.

Саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі комитет Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Абдиль Сегізбаевты, бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаеваны, сонымен бірге саясаткерлерді қаралауға қатысқан бірқатар журналистерді жауапқа тартуды ұсынды. Комитеттің 12 наурызда өткен отырысында осындай қарар қабылданды.

Комитет мәліметі бойынша, Қырғызстанда шамамен отыз саяси тұтқын бар. Осы тізімде болған саясаткерлер Бектұр Асанов, Кубанычбек Кадыров және Бекболот Талгарбеков жақында бостандыққа шықты.

Комитет Бас прокуратураға Асанов пен Кадыровқа қатысты істерді қайта қарау туралы арыз түсірген. Прокуратура бұл мәселеге қатысты жауап берген жоқ. Қазіргі таңда заңгерлер БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне үндеу дайындап жатыр.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі, экс-президент Алмазбек Атамбаев комитет бастамасы жөнінде пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG