Ссылки доступа

Азия: антигей-шеру (видео және суреттер жинағы)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: антигей-шеру. Бішкекте ұлтшылдардың ЛГБТ-қауымдастығы мен билікке қарсы шеруі өтті; Қырғызстан парламентінің депутаты сотталғандар мен жоғары білімі жоқтарды билікке жібермеуін ұсынды. (видео Настоящее время)

- Қырғызстанда депутаттар мен ұлтшылдар гейлердің көпшілік акцияға қатысуын талқылап жатыр. (Видео Директ)

- Шыңжаң басшысы "концлагерьді" жоққа шығарды. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің халықтық үкіметінің төрағасы Шохрат Закир халықаралық қауымдастықта дау тудырған орталықтарды “концлагерь”, “қайта тәрбиелеу лагері” деп атау дұрыс емес деп санайды. (видео Директ)

- Әлеуметтік көмекке Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. Парламент мәжілісінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ұлттық қордан 250 миллиард теңге бөлу туралы заң талқыланды. (видео Директ)

- Полиция жұмысына шағым айтушылар көп. Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алғаш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, оған әр өңірден 35 тұрғын келген. Арызданушылардың көбі полиция қызметіне көңілі толмайтынын айтты. (видео Директ)

- Қазақстан алтынсыз қалған универсиада. Ресейдің Красноярск қаласында қысқы универсиада аяқталды. Қазақстан бұл жарыста алтын ала алмады. 2017 жылы Алматыдағы жарыста Қазақстан 11 алтынмен жалпы есепте 2-орын алған. (видео Директ)

- Еуропада өлім жазасын қолданатын жалғыз ел. Еуропада сот үкімі бойынша өлім жазасын (ату) қолданып келе жатқан жалғыз ел - Беларусь. 2019 жылы ауыр қылмыс жасаған бір адамның сот үкімі орындалған. (видео Директ)

- Тәжікстан тұрғындары интернет бағасының көтерілуіне қарсы шықты. (видео Тәжікстан)

- Милицияны полицияға. Реформа сәтті өте ме? Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рамазон Рахимзода милиция бөлімдерінде бақылау камералары орнатылатынын мәлімдеді. (видео Директ)​

- Нарындық кәсіпкер тау ортасында қонақ үй ашты. (видео Қырғызстан)

- Қазақстанда әлеуметтік желіге кіру неге қиын?​ 12 наурыз - Бүкіләлемдік интернет-цензураға қарсылық күні. Бұл күні интернеттегі еркіндікті қолдау мақсатында 11 жыл бұрын халықаралық ұйымдар бекіткен. Осы ретте Азаттық тілшісі "Қазақстанда интернетке кіру неге қиын?" деген сауалға жауап іздеп көрді.​ (видео Директ)

- Өзбек-қазақ шекарасында жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр. (видео)​

- Қытайдың ішкі құпиясы. Қытай билігі сепаратизмнен қауіптеніп, Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдері: қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар мен моңғолдарға қысым көрсетіп отыр. "Этникалық гармония" мен "бір отбасы" доктринасын алға тартқан билік оларды ана тілі мен дәстүрлі дінінен ажыратқысы келеді. Қазақстанмен байланысы бар адамдарды "саяси тәрбиелеуге" жібереді. Лагерьде оларға Қытай компартиясы туралы дәріс оқып, патриоттық ән шырқауға және тек қытай тілінде сөйлеуге мәжбүрлейді. Қазақстандағы туыстары айлап хабар ала алмай отырған Шыңжаңдағы жақындарының тағдырына алаңдайды. Азаттық тілшілері Константин Саломатин мен Юлия Вишневецкаяның фильмінде Қытайдың "тәрбие лагерін" көргендер мен туыстары жан күйзелісімен бөліседі. (видео Директ)

- Серікжан Біләшқа қатысты тергеу басталды. "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген Серікжан Біләшқа қатысты тергеу Астанада жүреді. (видео Директ)

- Жаңаөзенде жұмыссыздар әкімдікке талаппен тағы да келді. 11 наурызда Жаңаөзен қаласында жұмыссыз тұрғындар әкімдік алдына тағы да жиналды. Олар тұрақты жұмыс орындарын құру туралы талаптары орындалмағанын айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жасады. Наразылар қала әкімімен кездесуді талап етті. Жергілікті жұмыспен қамту бөлімінің өкілі Ажархан Тұрақова қазіргі кезге дейін 291 адамға жұмысқа жолдама берілгенін айтты. (видео Директ)

- Қазақ күйіне қойылған би және Элизабеттің күмісі. Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық Элизабет Тұрсынбаев күміс медаль иеленді. Ал Айза Мамбекова қазақ күйіне биледі. БАӘ келген спортшы алғаш рет хиджабпен өнер көрсетті. (видео Директ)

- Мәскеуде интернетті шектемеуді талап еткендерді полиция ұстады. 10 наурызда Мәскеуде интернет еркіндігін қорғау акциясы өтті. Билік рұқсат еткен шараға қатысушылар Мемлекеттік дума бірінші оқылымда қабылдаған интернеттің ресейлік сегментін оқшаулау туралы заңға қарсылық білдірді. (видео Директ)

- Махмадали Хаиттің әйелі: күйеуімді абақтыда азаптады. Тәжікстан ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі Махмадали Хаит түрмеде азапталған. (видео Тәжікстан)

- Украина президенттігіне үміткерлермен таныс. Сайлауға 39 үміткер қатысады. (Инфографика)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG