Ссылки доступа

Тәжікстан аймақтарында жарық жиі сөнеді


Тәжікстанның көптеген аймағында екі аптадан бері күндіз және түнде электр қуаты үзілетін болған.

Тұрғындар бірнеше сағат жарықсыз отыруға мәжбүр. Оларға бұл жағдайда ешкім түсіндірмеген. 13 наурызда кешке Душанбенің шетіндегі елді-мекендер жарықсыз қалды, МАИ қызметкерлері автокөлік қозғалысын қолмен реттеді.

Рудаки ауданының тұрғыны Икромжон Жураевтың айтуынша, бұл ауданда электр қуаты он күнен бері үзіліп отыр. "Жарықты сағат 6:00-ден 8:30-ға дейін және 17:00-00:00 аралығында береді. Бұған қоса ауылдағы ескі трансформатор істен шықты, қазір біз оны жөндеп жүрміз", - деді ол.

Бұл уақытта "Барки точик" холдингі аймақтарда электр қуатының үнемделуін растады. Компаниядағылар бұны уақытша шара деп түсіндірді. Холдинг мәліметі бойынша, Наурыз мерекесі қарсаңында елдің барлық аймақтарында электр қуаты толық беріледі.

XS
SM
MD
LG