Ссылки доступа

Өзбекстанда түрме бақылаушылары сотталғандармен бірге жұмысқа жегілгеніне наразы


Өзбекстан ІІМ Жазаны орындау бас басқармасына қарасты "Зангиота 24" түзеу колониясының бақылаушылары түрме аумағындағы ескі ғимараттарды бұзу жұмыстарына қатысқан.

Шағымданған түрме бақылаушыларының айтуынша, оларды негізгі жұмыстан бөлек мәжбүрлі еңбекке жеккен. Колония басшысы оларды жазасын өтеушілермен бірге жұмысқа салған.

"14 ақпаннан бері олар бізді зонада мәжбүрлі еңбекке жегіп отыр. Түнгі қызметтен соң күндіз жұмыс жасауға мәжбүрміз. Біз колонияда жалдамалы жұмысшы секілді еңбек етуге мәжбүрміз. Біздің 12 сағаттың жұмысымыз 24 сағатқа созылды" деп шағымданды бақылаушылар.

Колониядағы жүз қызметкердің үштен бір бөлігі ескі ғимараттарды бұзып жүр.

"Олар бізді 14-колониядан келген 15 жазасын өтеушімен бірге жұмыс істеуге мәжбүрледі. Сотталғандар жұмысты нашар істейді. Оларға айқайлай алмайсың, әйтпесе (президент) порталына шағымданады" делінген бақылаушылар арызында.

Түрме әкімшілігі бұл мәселеге қатысты тексеру жүргізген соң жауап беруге уәде берді.

XS
SM
MD
LG