Ссылки доступа

Түркімен полициясы қоғамдық орында фото-видео түсіргендерді ұстап әкетеді


Туркменистан (архивное фото)
Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстандағы Дашоғыз бен Түркіменабад базарларында тұрғындарды қоғамдық орында сурет және видео түсіргені үшін полиция қызметкерлері тоқтатып жатыр.

"Полиция қызметкерлері телеонына сурет немесе видео түсірген жігіттің қолын менің көзімше қайыстырып ұстады. Наразы болған жігітті базардан алып шығып, мәшинеге салып алып кетті. Оның нақты түсіргені белгісіз, бірақ бұл оқиға жеміс-жидек сататын орында болған", - деп хабарлады оқиға куәгері болған Азатлык тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Тілшінің пікірінше, қауіпсіздік органдары Азатлык радиосына Түркіменстаннан фото және видео жіберетін адамдарды іздеуі мүмкін.

"Телефонында Түркіменстанды "жаман жағынан көрсететін" суреттер табылғаны үшін ұстады дегенді жиі естимін. Мына оқиға менің көз алдымда болды", - деді Азатлык тілшісі.

Полиция қызметкерлерін елдің барлық базарларынан кезіктіруге болады. Қауіпсіздік қызметінің адамдары бағаларды бақылайды.

Жақында қоғамдық орында суретке түсірген бір тұрғында Дашоғыз облысында ұстаған. "Gök bazar" маңында телефондарымен суретке түсіргендерді жиі ұстайды" дейді Азатлыктың Дашоғыздағы тілшісі.

XS
SM
MD
LG