Ссылки доступа

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалды зерттейтін мемлекетаралық комиссия құрылады


14 наурызда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон телефонмен сөйлесті. Қырғызстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды талқылады.

Жээнбеков пен Рахмон жанжал себептерін әділ зерттейтін және болашақта мұндай жағдайға жол бермеуге ықпал ететін бірлескен комиссия құру қажет деп тапты. Бұған қоса комиссия мемлекеттік шекараны делимитациялау жұмыстарын тезірек аяқтауға көмектесуі керек.

Жанжал болған орынға Қырғызстан вице-премьер-министрі Жениш Разаков және Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Иброхим Азим барды.

Бұл уақытта Тәжікстанмен шекарадағы жағдай ушыққан. Азаттықтың тәжік қызметі - Озоди радиосының хабарлауынша, қырғыз-тәжік шекарасында тағы бір тәжік азаматы қаза тапқан. Дереккөз мәліметіне қарағанда, ол - Ходжаи Аъло аулының тұрғыны Рафоуддин Тешаев.

Тәжік азаматының қазасын Ворух ауруханасының бас дәрігері Карима Хакимова растады. Дәрігердің айтуынша, Тешаев оқ тиген жерде жан тапсырған. Ворух ауруханасына жараланған тағы екі тәжік азаматын жеткізген. Оларға тас тиген.

Бұған дейін Тәжікстан ҰҚМК шекара әскері бас басқармасы 11 тәжік азаматы тастан жараланғанын хабарлаған. Бұған қоса Ходжаи Аъло аулының 43 жастағы тұрғыны оқтан қаза тапқан.

Қырғызстан тараты 14 наурызда болған атыста бір қырғыз азаматына оқ тиіп, ауруханаға түскенін хабарлады.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жанжал 13 наурызда басталды. Қырғызстан шекара қызметінің нұсқасы бойынша, жанжалды Мехнатабад тәжік ауылының тұрғындары бастаған. Олар шекараға жақын маңда қырғыздардың Ак-Сай - Тамдык жолының құрылысына наразылық білдірген.

Тәжікстан шекара қызметінің мәлімдеуінше, жанжалды жер учаскесін басып алуды көздеген қырғыз азаматтары бастаған.

XS
SM
MD
LG