Ссылки доступа

Британ парламенті брекзитті кейінге шегерді


Британ парламенті елдің Еуроодақ құрамынан шығуды кем дегенде үш айға қалдыруды қолдап дауыс берді. BBC телеарнасының хабарлауынша, брекзитті кейінге қалдыруды 412 парламентарий қолдаса, 202 адам қарсы шыққан. Соған байланысты Ұлыбритания 29 наурызда Еуроодақ құрамынан шықпайтын болды.

Енді брекзитті кейінге қалдыру туралы шешімді ЕО бекітуі тиіс.

Премьер-министр Тереза Мэйдің мәлімдеуінше, брекзит үш айға – 30 маусымға дейін шегерілуі мүмкін. Сол кезде де британ парламенті келісімді кері қайтарса, онда Мэй тағы да уақыт сұрайды, бірақ әрбір шешімді Ұлыбританияға Еуроодақ елдерінің барлығымен келістіріп отыруға тура келеді деді премьер-министр.

Бұның алдында - 14 наурызда парламенттегілер брекзит жөнінде кезекті референдум өткізу ұсынысын қабылдамай тастаған.

2016 жылы маусымда Ұлыбританияда Еуроодақтан шығу жөнінде референдум өтті. Халықтың 52 пайызы (17,41 млн адам) елдің ұйымнан шығуына дауыс берді, 48 пайызы ЕО құрамында қалуды қалады. Шотландия мен Солтүстік Ирландия тұрғындарының барлығы дерлік ұйымда қалу үшін дауыс беген.

Референдумнан соң Ұлыбритания премьері ​Дэвид Кэмерон отставкаға кетті. Тереза Мэй премьер-министр қызметіне кірісті. Ол 2017 жылдың маусымынан бері ЕО-мен келіссөздер жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG