Ссылки доступа

Жаңаөзендегі жұмыссыздар талабы жайлы не білесіз? (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы атыс. Екі адам қаза тапты, ондаған адам жараланды; Қазақстан билігі президенттің әлеуметтік бастамаларына қаржыны көбейтті. (видео Настоящее время)

- Махабат: Құтқару қызметінде адамдарға өмір ғана тілейміз. 44 жастағы Махабат Назарбекова 11 жыл бойы Бішкектің құтқару қызметінде фельдшер болып істейді. (видео Директ)

- Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында не болып жатыр? Сарапшылар пікірі. (видео Настоящее время)

- Украина парламенті медициналық сораға рұқсат беруін сұрады. (Видео Директ)

- Facebook севистері істен шықса, оның компанияларының жағдайы не болады? (видео Директ)

- Иран құқық қорғаушысы Насрин Сотудеге 148 дүре және 38 жыл түрме жазасын кесті. Иран соты түрмеде отырған құқық қорғаушы әрі адвокат Насрин Сотуде ханымға бірнеше жаңа айып бойынша бұрынғы жаза мерзіміне тағы он жыл қосып, 148 дүре соғуға үкім етті. (видео Директ)

- Жаңаөзендегі жұмыссыздар талабы жайлы не білесіз? Азаттық тілшілері парламент сенаты депутаттарынан Жаңаөзендегі жұмыссыздар мәселесі туралы пікір сұрады. Депутаттар арасында қойылған сауалға жауап бермегендер де болды. (видео Директ)

- Серікжан Біләшқа "қысым" жасалғаны айтылды. Тіркелмеген "Атажұрт еріктілер" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің адвокаты "араздық қоздыру" айыбы тағылып үйқамақта отырған белсендіге "қысым" жасалғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрінің орынбасары "қысым" жайлы естімегенін айтты. Құқық қорғаушылар Астананы Біләшті босатуға шақырды. (видео Директ)

- Ашаршылық пен репрессия жабық тақырып па? Қазақстанда 1921-22 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы сталиндік репрессия тақырыптары талқыланып тұрады. Бұл мәселелер қоғам үшін, зерттеушілер үшін жабық па? AzattyqLIVE тікелей эфиріне ашаршылық пен репрессия кезеңі туралы деректі фильмдер түсіріп, зерттеп жүрген журналист Жанболат Мамай қатысты. (видео Директ)

- Қырғызстандағы депутаттар мен ұлтшылдар гейлердің жаппай акцияға шығуын талқылап жатыр. (Видео Директ)

- Хорезмде өзбек-түркімен достық үйі ашылды. (видео)

- Шыңжаң басшысы "концлагерьді" жоққа шығарды. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің халықтық үкіметінің төрағасы Шохрат Закир халықаралық қауымдастықта дау тудырған орталықтарды “концлагерь”, “қайта тәрбиелеу лагері” деп атау дұрыс емес деп санайды. (видео Директ)

- Әлеуметтік көмекке Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. Парламент мәжілісінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ұлттық қордан 250 миллиард теңге бөлу туралы заң талқыланды. (видео Директ)

- Полиция жұмысына шағым айтушылар көп. Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алғаш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, оған әр өңірден 35 тұрғын келген. Арызданушылардың көбі полиция қызметіне көңілі толмайтынын айтты. (видео Директ)

- Қазақстан алтынсыз қалған универсиада. Ресейдің Красноярск қаласында қысқы универсиада аяқталды. Қазақстан бұл жарыста алтын ала алмады. 2017 жылы Алматыдағы жарыста Қазақстан 11 алтынмен жалпы есепте 2-орын алған. (видео Директ)

- Еуропада өлім жазасын қолданатын жалғыз ел. Еуропада сот үкімі бойынша өлім жазасын (ату) қолданып келе жатқан жалғыз ел - Беларусь. 2019 жылы ауыр қылмыс жасаған бір адамның сот үкімі орындалған. (видео Директ)

- Тәжікстан тұрғындары интернет бағасының көтерілуіне қарсы шықты. (видео Тәжікстан)

- Милицияны полицияға. Реформа сәтті өте ме? Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рамазон Рахимзода милиция бөлімдерінде бақылау камералары орнатылатынын мәлімдеді. (видео Директ)​

- Нарындық кәсіпкер тау ортасында қонақ үй ашты. (видео Қырғызстан)

- Қазақстанда әлеуметтік желіге кіру неге қиын?​ 12 наурыз - Бүкіләлемдік интернет-цензураға қарсылық күні. Бұл күні интернеттегі еркіндікті қолдау мақсатында 11 жыл бұрын халықаралық ұйымдар бекіткен. Осы ретте Азаттық тілшісі "Қазақстанда интернетке кіру неге қиын?" деген сауалға жауап іздеп көрді.​ (видео Директ)

- Өзбек-қазақ шекарасында жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр. (видео)​

- Қытайдың ішкі құпиясы. Қытай билігі сепаратизмнен қауіптеніп, Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдері: қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар мен моңғолдарға қысым көрсетіп отыр. "Этникалық гармония" мен "бір отбасы" доктринасын алға тартқан билік оларды ана тілі мен дәстүрлі дінінен ажыратқысы келеді. Қазақстанмен байланысы бар адамдарды "саяси тәрбиелеуге" жібереді. Лагерьде оларға Қытай компартиясы туралы дәріс оқып, патриоттық ән шырқауға және тек қытай тілінде сөйлеуге мәжбүрлейді. Қазақстандағы туыстары айлап хабар ала алмай отырған Шыңжаңдағы жақындарының тағдырына алаңдайды. Азаттық тілшілері Константин Саломатин мен Юлия Вишневецкаяның фильмінде Қытайдың "тәрбие лагерін" көргендер мен туыстары жан күйзелісімен бөліседі. (видео Директ)

- Серікжан Біләшқа қатысты тергеу басталды. "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген Серікжан Біләшқа қатысты тергеу Астанада жүреді. (видео Директ)

- Жаңаөзенде жұмыссыздар әкімдікке талаппен тағы да келді. 11 наурызда Жаңаөзен қаласында жұмыссыз тұрғындар әкімдік алдына тағы да жиналды. Олар тұрақты жұмыс орындарын құру туралы талаптары орындалмағанын айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жасады. Наразылар қала әкімімен кездесуді талап етті. Жергілікті жұмыспен қамту бөлімінің өкілі Ажархан Тұрақова қазіргі кезге дейін 291 адамға жұмысқа жолдама берілгенін айтты. (видео Директ)

- Қазақ күйіне қойылған би және Элизабеттің күмісі. Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық Элизабет Тұрсынбаев күміс медаль иеленді. Ал Айза Мамбекова қазақ күйіне биледі. БАӘ келген спортшы алғаш рет хиджабпен өнер көрсетті. (видео Директ)

- Мәскеуде интернетті шектемеуді талап еткендерді полиция ұстады. 10 наурызда Мәскеуде интернет еркіндігін қорғау акциясы өтті. Билік рұқсат еткен шараға қатысушылар Мемлекеттік дума бірінші оқылымда қабылдаған интернеттің ресейлік сегментін оқшаулау туралы заңға қарсылық білдірді. (видео Директ)

- Махмадали Хаиттің әйелі: күйеуімді абақтыда азаптады. Тәжікстан ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі Махмадали Хаит түрмеде азапталған. (видео Тәжікстан)

- Украина президенттігіне үміткерлермен таныс. Сайлауға 39 үміткер қатысады. (Инфографика)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG