Ссылки доступа

Тәжік палуаны Умед Хасанбеков допинг үшін жазаланды


Умед Хасанбеков

Халықаралық самбо федерациясы (FIAS) тәжік спортшысы Умед Хасанбековты допинг қолданғаны үшін халықаралық жарыстардан 2023 жылға дейін шеттетті. Бұл туралы FIAS-тың ресми сайтында хабарланды.

Халықаралық самбо федерациясының мәліметі бойынша, тәжік палуаны Дүниежүзілік допингпен күрес агенттігі (WADA) тыйым салған препаратты қолданған.

FIAS жариялаған тізімде он елдің 19 спортшысы бар. Тыйым салынған препаратты Ресей спортшылары көп қолданған (6 адам). Қазақстаннан төрт спортшы допингпен ұсталған. Сонымен бірге FIAS АҚШ, Бельгия, Венесуэла, Парагвай, Сербия, Қырғызстан және Моңғолия спортшыларын халықаралық жарыстардан екі жылдан төрт жылға дейін шеттетті.

Тәжік самбошысы Умед Хасанбеков өткен жылы қыркүйек айында Азия ойындарында күміс алды. FIAS оның бұл жүлдесін қайтарып алды.

Еске салайық, 2015 жылы желтоқсанда еркін күрестен тәжік палуаны Зелимхан Юсупов допинг пайдаланғаны үшін төрт жылға жарыстардан шеттетілген еді.

XS
SM
MD
LG