Ссылки доступа

Қырғызстан қаржы полициясы "Супер-Инфо" газетін тексеріп жатыр


Қырғызстанның экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі "Супер-Инфо" газетінде жүргізген тексеруі туралы пікір білдіді.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, 2019 жылы қаңтарда мекемеге "БАҚты қолдау орталығы" қоғамдық қоры мен бірқатар газеттің заңсыз экономикалық қызметі туралы шағым түскен. Сол арыз негізінде салық тексеруі жүргізілді.

"Супер-Инфо" газетінің тиражына қатысты мәліметтер сәйкес келмейді деп хабарлады қаржы полициясы.

11 наурыза Бас салық қызметі "Супер-Инфо" редакциясына тексеруге келді, бірақ газет қызметкерлері құжаттарды беруден бас тартқан. Соған байланысты 13 наурызда редакцияға қажетті құжаттарды алу туралы шешімді табыстаған. Сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр.

Бұның алдында "Супер-Инфо" газетінің директоры Шаиста Шатманова тергеуге шақырылғаны туралы хабарлаған. Басылым қожайыны Кылычбек Сұлтан бұны газетті басып алуға талпыныс деп атаған.

XS
SM
MD
LG