Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы бас прокурор Қадыров ісін жүргізген прокурор ірі көлемде пара беру кезінде ұсталды


Өзбекстандағы Наманған облысының бұрынғы прокуроры Ұлықбек Тошев 8 наурызда ұсталды. Оны жоғары лауазымды шенеуніктің біріне ірі көлемде пара беріп жатқан кезде қолға түсірген.

Бұл туралы Өзбекстан құқыққорғау органдарындағы дереккөз хабарлады. Бұл ақпаратты осы іске тікелей қатысы бар адвокат растады. Оның айтуынша, Тошев 50 мың доллар пара беру кезінде ұсталды, оны қамауға алған. Пара беру сәті видеокамераға түсірілген.

Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, Тошев биыл 4 наурызда қызметінен босатылған. Одан соң прокуратура жүйесінен шығарылған.

Еске салайық, 2016 жылы сәуірде Ұлықбек Тошев Ташкент қаласы Яккасарай ауданы прокуроры қызметінен босатылған. Одан соң Тошев біраз уақыт Ташкент облысының Янгиюль ауданында прокурор болып істеген. 2015 жылға дейін ол Самарқанд облысы прокурорының орынбасары болып істеген.

Дереккөз мәліметі бойынша, 2017 жылы Тошев бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыровқа қарсы қозғалған қылмыстық істі жүргізген тергеу тобын біраз уақыт басқарған.

Тергеу жүргізудегі ерекше әдісі бағаланып, Тошев Наманган облысының прокуроры қызметіне тағайындалған.

XS
SM
MD
LG