Ссылки доступа

Жол полициясының таяқ ұстағаны дұрыс па? (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Жол полициясының таяқ ұстағаны дұрыс па? 14 наурызда парламент сенаты отырысында депутат Георгий Ким премьер-министр Асқар Маминнен жол полициясы қызметкерлеріне бұрынғыдай таяқтарын қайтарып беру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Азаттық алматылық жүргізушілердің пікірін білді. (видео Директ)

- "Билікте ұзақ отырған динозаврлармен жұмыс істеуді тоқтатуымыз керек". Наурыздың 14-і күні Еуропарламент Қазақстандағы адам құқығы ахуалы жөнінде резолюция қабылдады. Депутаттар елдегі адам құқығы жағдайының нашарлап бара жатқанына алаңдап, Қазақстан үкіметін белсенділерді қудаламауға шақырды. (видео Директ)

- Зейнетақы отбасының ортақ табысы ретінде есептелмек. Халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова "көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындауда үйдегі қариялардың зейнетақысы қоса есептеледі" деді. (видео Директ)

- Жаңа Зеландиядағы теракті әлемнің көптеген елдерінің мешіттері айыптады. (видео Настоящее время)

- Тәжікстан тергеу бөлмелеріне бақылау камераларын орнатады. (Видео Директ)

- Өзбекстандағы автомобиль шығарушы компания автокөлікті Ресей нарығына шығаруды неге тоқтатты? Өзбектің Ravon автокөліктері Ресейдегі автосалондарда сатылмай қалды. (видео Директ)

- Азия: Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы жағдайды тұрақтандыруға күш салып отыр. Власти Кыргызстана и Таджикистана пытаются договориться о стабилизации ситуации после перестрелки на границе. 49 убитых и около 50 раненых после нападения на прихожан в двух мечетях новозеландского города Крайстчерч. В Крыму проходят торжества в честь пятилетия аннексии полуострова Россией. (видео Настоящее время)

- Баткен: шекарадағы жанжалдан соң жол әлі ашылған жоқ. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақтала бастады, бірақ жол әлі ашылған жоқ. ​(фотокөрме)

- БҰҰ комиеті Қазақстанға ЛГБТ қауымдастығы құқықтарын заңдастыруға кеңес берді. (видео Настоящее время)

- Жаңаөзендегі жұмыссыздар талабы жайлы не білесіз? Азаттық тілшілері парламент сенаты депутаттарынан Жаңаөзендегі жұмыссыздар мәселесі туралы пікір сұрады. Депутаттар арасында қойылған сауалға жауап бермегендер де болды. (видео Директ)

- Серікжан Біләшқа "қысым" жасалғаны айтылды. Тіркелмеген "Атажұрт еріктілер" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің адвокаты "араздық қоздыру" айыбы тағылып үйқамақта отырған белсендіге "қысым" жасалғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрінің орынбасары "қысым" жайлы естімегенін айтты. Құқық қорғаушылар Астананы Біләшті босатуға шақырды. (видео Директ)

- Ашаршылық пен репрессия жабық тақырып па? Қазақстанда 1921-22 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы сталиндік репрессия тақырыптары талқыланып тұрады. Бұл мәселелер қоғам үшін, зерттеушілер үшін жабық па? AzattyqLIVE тікелей эфиріне ашаршылық пен репрессия кезеңі туралы деректі фильмдер түсіріп, зерттеп жүрген журналист Жанболат Мамай қатысты. (видео Директ)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG