Ссылки доступа

Белградта наразы топ президент резиденциясын қоршап алды (видео)


Полиция и активисты в здании телевидения

Сербия астанасы Белградта наразылық акциясына шыққандар президент резиденциясының кіреберісіне бекініп, ғимаратты айнала қоршап алды.

Ғимарат алдында полицияның арнайы жасағы да тұр, бірақ олар әзірге наразы топқа қарсы күш қолданбады.

Сербия президенті Александр Вучич, соңғы мәліметтерге қарағанда, ғимарат ішінде қалған. Бұның алдында ол баспасөз конференциясын өткізіп, ұлттық телеарна ғимаратына басып кірген наразы топты жауапқа тартуға уәде берген.

Бірнеше ондаған белсендіні полицияның арнайы жасағы ғимарат ішінен күшпен шығарды, олардың ішінде парламент депутаттары да бар.

Вучич саяси қарсыластарын зорлық пен тәртіпсіздікке барды деп айыптады. Наразылық акциясының жетекшісі - "Двери" ұлтшыл партиясының мүшесі Бошко Обрадович пен Белградтың бұрынғы мэрі Драган Джиласты ол "фашистер" және жемқорлар деп айыптады. Президент баспасөз бостандығына қол сұғуға болмайды деп мәлімдеді.

Мемлекеттік телеарнаның биліктің ғана мүддесін күйіттеуі ғимаратқа шабуылдауға итермеледі деп есептейді наразылық акциясына қатысушылар. Оппозиция жақтастары талаптарының бірі - оларға эфир беру.

Белградта Вучичке қарсы наразылық акциялары әр сенбі сайын өтіп келе жатқанына бірнеше ай болды. Оны оппозициялық партиялар коалициясы мен қоғам белсенділері ұйымдастырып отыр. Олар ел президентін авторитаризм мен коррупция үшін айыптады.

XS
SM
MD
LG