Ссылки доступа

Қырғыз соты "Супер-инфо" газетіндегі салық тексеруін заңсыз деп таныды


Бішкек қаласындағы 1 май аудандық соты 19 наурызда "Супер-инфо" газетінің салық органы әрекетіне қатысты шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы адвокат Таалайгүл Токтакунова хабарлады.

Оның айтуынша, сот басылымға салық тексеруін тағайындау туралы қаулыны заңсыз деп таныған. "Сот шешімін тез арада орындау керек. Салық тексеруші шығарған шешімдерін жоюы тиіс", - деді Токтакунова.

Қаржы полициясы биыл қаңтарда бір азамат "БАҚ-қа қолдау орталығы" қоғамдық қоры мен бірқатар газеттердің заңсыз әрекеттері туралы шағымданған. Ол шазет тиражындағы сәйкессіздік туралы айтқан. Соның негізінде салық тексеруі жүргізілген.

11 наурызда Салық қызметінің өкілдері "Супер-инфо" газетін тексеруге келген, бірақ басылым қызметкерлері оларға құжаттарын бермеген. 13 наурызда редакцияға Салық қызметінің қажетті құжаттарды талап ету туралы шешімі тапсырылған.

Бірақ "БАҚ-ты қолдау орталығы" қоғамдық қоры биыл 7 ақпанда салық тексеруі толық жүргізілгенін, ешқандай заңбұзушылық табылмағанын хабарлап отыр.

XS
SM
MD
LG