Ссылки доступа

Якутия ІІМ басшысы жергілікті мигранттар жаппай тексерілетінін мәлімдеді


Митинг против нелегальных мигрантов в Якутске, 18 марта 2019 года
Митинг против нелегальных мигрантов в Якутске, 18 марта 2019 года

Якутияның ішкі істер министрі Владимир Прокопенконың мәлімдеуінше, республикада еңбек мигранттарын жаппай тексеру жүргізіледі.

Бұл туралы ол Қырғызстан билігінің өкілдерімен кездесуде айтты деп хабарлады республиканың ішкі істер министрлігі.

Прокопенконың мәлімдеуінше, жолаушы тасымалы саласы мен мигранттарды заңсыз жұмысқа алған кәсіпорындар тексеріледі. Мұндай мәлімдеме Якутск қаласындағы наразылық акцияларынан соң жасалып отыр. Жергілікті әйелді Қырғызстаннан келген еңбек мигранттарының зорлауы халықтың наразылығын туғызды.

18 наурызда Якутск қаласында заңсыз мигранттарға қарсы митинг өтті. Оған ​Якутия басшысы Айсен Николаев пен Якутск мэрі Сардана Авксентьева қатысты. Шенеуніктер мигранттардың аймаққа келуін қатайтатын шаралар қолдануға уәде берді.

Мигранттарға қарсы митингті Ресейдегі еңбек мигранттары кәсіподағының басшысы Ренат Каримов сынады.

  • Якутск қаласындағы наразылық акциясынан мигранттарды қорқыту көбейген деп хабарлады "Сибирь.Реалии" басылымы. Якутск қаласында көлік жүргізушісі болып істейтін мигрантқа жеті адам жабылған.
  • Полиция жергілікті тұрғынды зорлаған деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар тағылған айыптарды мойындаған.
  • 19 наурызда Якутск қаласында 80-нен астам автобус жүргізушілері жұмысқа шықпады. Қалада мигранттардың құжаттарын тексеру жүріп жатыр.
  • Наразылық акциясынан соң Якутияға Қырғызстан делегациясы келді. Оның құрамына қырғыз көші-қон қызметі төрағасының орынбасары Самат Токтоболотов, Қырғызстанның Ресейдегі елшісінің кеңесшісі Дастан Ниязалиев және Ресейдегі қырғыз диаспорасының жетекшісі Жазбек Бекболиев кірді.
XS
SM
MD
LG