Ссылки доступа

Әндіжандағы Наурыз мерекесінде 16 жастағы жасөспірім әткеншектен құлап қайтыс болды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстанда Әндіжан облысының осылай аталатын ауданындағы демалыс саябағында 16 жастағы жасөспірім әткеншектен құлап қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға Наурыз мерекесін тойлау кезінде тіркелген.

Чувама ауылының О.Ш. есімді тұрғынының өлімі туралы оқиға куәгерлерінің бірі хабарлады.

"Аудан басшысы Ұлықбек Исамидинов демалыс саябағында Наурыз мерекесін ұйымдастырған. Қайғылы оқиға кешкі сағат 5 шамасында болды. Үш-төрт бала әткеншекте ойнап жүрген. Сол кезде біреуі абайсызда құлап түсті. Ол басын көтерген уақытта әткеншек оның басынан қатты тиген. Ол сол жерде жан тапсырды", ​– деді куәгер.

Әндіжан аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Халида Хатамова бұны "жазатайым оқиға" деп атады. Шенеуніктің айтуынша, саябақтағы әткеншектер барлық қауіпсіздік техникасы ережелерін ескере отырып орнатылған.

Марқұмның туыстары қайғылы оқиға туралы тілшілерге пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG