Ссылки доступа

Қырғызстанда шекарашы шетелдіктерді заңсыз тіркеген


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҚҰҚМК) шекара қызметкерінің заң бұзушылыққа барғанын мәлімдеді.

ҚҰҚМК мәліметі бойынша, биыл наурыз айында Манас әуежайында істейтін әскери қызметкер алты Иран азаматын олардың қатысуынсыз Бішкекке кірді деп заңсыз тіркеп жіберген. Ол сол үшін 900 доллар сыйақы алған.

«Жиналған мәлімет бойынша, әскери прокуратура Біріңғай тізімде қылмыстық белгілерді анықтаған. Бұл іс бойынша қызметін асыра пайдаланды және пара алды деген бап негізінде қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдейді арнайы қызмет өкілі.

XS
SM
MD
LG