Ссылки доступа

Бішкекте арнайы қызмет kloop.kg журналисін тергеуге алған


Бішкекте 1 сәуірде "kloop.kg" сайтының журналисі Анна Капушенконы арнайы қызмет өкілдері сегіз сағат бойында тергеуге алған. Бұл жөнінде басылымның бас редакторы Элдияр Арыкбаев мәлімдеді.

"Журналистке ешқандай айып тақпаған. Бірақ ол куәгер ретінде шақырылған. Әзірге бар білетініміз осы", - деді Арыкбаев.

Оның айтуынша, Капушенконы қоғамдық жұмысына байланысты сұрауға алған. Анна Капушенко журналистік қызметінен тыс тендерден ұтылған компаниялардың шағымын қарайтын қоғамдық комиссияда жұмыс істейді.

"Kloop.kg осының алдында Анна Капушенконың үйінде тінту жүргізілгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG