Ссылки доступа

Түркімен билігі парламент сайлауына дауыс берушілер санын ғана атады


Түркіменстанның Орталық сайлау комитеті 31 наурызда парламент және жергілікті кеңеске сайлау өтті деп мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 90 пайызы қатысқан.

"Настоящее Время" телеканалы бұл көрсеткіш Түркіменстан үшін төмен деп хабарлады. 2017 жылы Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші рет түскен президент сайлауында дауыс берушілер саны 97 пайыз болған.

Түркіменстанда өткен сайлауға тек жергілікті бақылаушылар ғана мониторинг жүргізді. ОСК сайлау халықаралық талаптарға сай өтті деп мәлімдеді. Сайлау учаскелерінің бәріне бейне камералар орнатылған. Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында дауыс беру сәтін онлайн арқылы бақылауға мүмкіндік болды.

XS
SM
MD
LG