Ссылки доступа

Украина ОСК: Порошенко Зеленскийден екі есеге аз дауыс алды


Владимир Зеленский, Петр Порошенко, Юлия Тимошенко
Владимир Зеленский, Петр Порошенко, Юлия Тимошенко

Украина Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 95 пайыз хаттаманы тексеріп, 31 наурызда өткен президент сайлауының алдын ала нәтижесін жаңартты.

Шоумен Владимир Зеленскийге украиндықтардың 30,22 пайызы, қазіргі президент Петр Порошенкоға 15,93 пайызы, ал "Батькивщина" лидері Юлия Тимошенкоға 13,40 пайыз дауыс берген.

Сайлаудың нақты қорытындысын 10 сәуірде жариялайды. Егер бір үміткер бірінші кезеңде 50 пайыздан кем дауыс жинамаса, сайлаудың екінші кезеңі 21 сәуірде өтеді. Украинада президентті бес жыл мерзімге сайлайды.

XS
SM
MD
LG