Ссылки доступа

Тәжікстанда әжейдің өміріне қауіп төндірген тәртіп қызметкерлерін жазалауды талап етеді


Истад Курбонова
Истад Курбонова

Тәжікстанның Азаптауға қарсы азаматтық қоғам коалициясы елдің бас прокуратурасынан 68 жастағы Истад Курбонованың өміріне қауіп төндіргені үшін, Айни аудандық милиция қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тартуға шақырды.

Биыл қаңтар айының басында Истад Курбонова жерді заңсыз тартып алды деген айыппен ұсталған. 17 қаңтарда ол тергеу абақтысында өзін өртемек болған.

«Милиция қызметкерлері өзін өртемек болған әрекетінен кейін Курбонованы ауруханаға емес, тергеу абақтысына алып барған. Ол жерде әйелді денсаулығына байланысты қамаудан бас тартқан. Осыдан кейін милиция қызметкерлері Айниге қайта оралып, жергілікті ауруханаға жатқызған. Осы аралықта Курбонованың жағдайы ауырлап кеткен», - деді Азаптауға қарсы азаматтық қоғам коалициясының адвокаты Гулнора Аминова.

Қарт әйелдің өзі прокуратура қызметкерлерінен ешқашан қашпағанын, ешкімнің жерін тартып алмағанын, монша мен қойма соққан жері Совет кезеңінен бері өзіне тиесілі болғанын айтады.

Бұл іске қатысы бар үш милиция қызметкері жұмыстан қуылған. Түрме қадағалаушысы Шариф Мирзошарифовге қатысты тергеу ісі басталды деп мәлімдеді Тәжікстан ІІМ.

XS
SM
MD
LG