Ссылки доступа

Қырғызстанда төлқұжат жасауда коррупция орын алған


Биометриялық төлқұжат бланктерін дайындау бойынша өткізілген тендерде мемлекеттік тіркеу қызметінің (МТҚ) қызметкерлері өз пайдасы үшін заңды бұзып, сыбайлас компанияның мүддесіне жұмыс істеген.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов мәлімдеді.

"Байқауға қатысқан компаниялардың бірі тендерді ұтып алған фирманың ұсынған соммасынан 253 млн сомға арзан бағаны ұсынғанына қарамастан, құжаттар сәйкес келмейді деп, байқаудан шеттеткен. Бұдан бөлек мемлекеттік тіркеу қызметі тендерді ұтып алған компания қызметкерлерімен тұрақты байланыста болып келген", - деді Рахат Сулайманов.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG