Ссылки доступа

Қырғызстан Қазақстанмен шекара бақылауының күшеюіне наразы


Қырғызстанның экономика министрлігі ел үкіметіне шекарадағы жағдайды талқылау үшін, Еуразиялық экономикалық комиссияға өтініш түсіруді сұрады.

«Қырғызстан Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер жөніндегі комитеттің ақпараты бойынша, шекарада келесі құжаттар бойынша тексеру жүріп жатыр: CMR (халықаралық тауар-көлік жүк құжаты), тауар-көлік жүк құжаты, инвойс немесе счет-фактура, көлік құралына техпаспорт, шекарадан өту жөніндегі талон. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеденнен еркін өту жөніндегі ережелерін бұзады», - деп мәлімдеді экономика министрлігі.

19 наурыздан бері қырғыз-қазақ шекарасында тексеру күшейген.

«Қырғызстан Қазақстанның шекарада бақылау шараларын күшейтуін ЕАЭО талаптарын бұзу деп есептейді. Бұл экономикалық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді», - делінген мәлімдемеде.

2 сәуірдегі мәлімет бойынша «Актілек - Автодорожный» шекара өткізу бекетінде 253 жүк көлігі кезек күтіп тұр. Қазақстан көліктердің кептеліп қалуын, жүк тасымалдаушылардың тексеруден өтуден қашуымен түсіндірді.

XS
SM
MD
LG