Ссылки доступа

Алматы прокуроры қырғызстандық экс-депутатты 12 жылға түрмеге кесуді сұрады


Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты" деп күдікке ілінген Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулу мен 11 адамның сот отырысы жалғасты.

Мемлекеттік айыптаушылар 12 адамға айыптау актісін оқыды.

Қырғызстан жогорку кенешінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулун Қылмыстық кодекстің мiндеттерiне адал қарамау (254-бап) және экономикалық контрабанда баптарымен (234-бап) айыпты деп танып, 12 жыл бас бостандығынан айыруды, қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберіп, экс-депутатты елден жазасын өтеген соң ғана шығаруды сұрады.

Айыптау актісі бойынша, Қырғызстан парламентінің депутаты қызметін атқарып жүрген Асылбекуулу 2016 жылы қарашада пайда табу және заңсыз баю мақсатында өзінің қызметін пайдаланып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Прокурорлар "экс-депутат бұл топты Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге тауарлар жіберіп, экономикалық контрабанда үшін басқарған" деді.

Асылбекулууның адвокаты Асқар Баймұратов экс-депутатқа тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, айыптар "ойдан құралып, қолдан жасалған".

Тергеу "ұйымдасқан топ басшысы" деп атаған күдіктінің бірі Есбол Жапбасовқа - 15 жыл, қалған күдіктілерге 7-12 жыл аралығында түрме жазасын кесуді сұрады.

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Арнайы операцияда ұсталған 35 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге 11 адам сотқа тартылған.

XS
SM
MD
LG