Ссылки доступа

Қазақстан президенті алғашқы сапарын Ресейден бастады


3 сәуірде Мәскеуде Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездеспек. Сапар барысында бірнеше келісімдерге қол қою жоспарланған деп хабарлайды "Хабар" мемлекеттік телеарнасы.

Қазақстан президенті әкімшілігі екі ел басшысының келіссөздері туралы жан-жақты ақпарат бермеді. Тек 28 наурызда Қазақстан президентінің сапарын хабарлап, күн тәртібінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар мен халықаралық, аймақтық тақырыптарды талқылау қарастырылған деп атап өткен.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті ретіндегі алғашқы ресми сапары.

Бұрынғы сенат төрағасы, экс-премьер-министр, сыртқы істер министрі болған 65 жастағы Тоқаев елді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін, Конституцияға сәйкес билікке келді.

XS
SM
MD
LG