Ссылки доступа

Мәскеуде бес әйелді өлтірді деп айыпталған өзбекстандық өмір бойы түрме жазасына кесілді


Мәскеу соты бес әйелді өлтірді деп айыпталған Өзбекстан азаматы Бахтиер Матякубовты өмір бойы түрме жазасына кесті. Бұл туралы 2 сәуірде "Лента.ру" сайты жазды.

Сот үкіміне сәйкес, Матякубов жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді. Сот процесі кезінде ол өзіне тағылған барлық айыптарды мойындаған.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметіне қарағанда, Матякубов 2015 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін бірнеше әйелді өлтірген. Ол әйелдерді Мәскеудің және Мәскеу облысының адамдар аз жүретін бақтарына апарып, пышақтаған.

Тергеу кезінде Матякубовтың әйелдерді жеккөру сезімі басым екенін, оларға қарсы кек бары анықталған.

БАҚ мәліметі бойынша, ол Ресейде, Өзбекстанда және Украинада 11 әйелді өлтірген.



XS
SM
MD
LG