Ссылки доступа

ADB Тәжікстанға интернет бағасын түсіруді ұсынады


Азия даму банкі (ADB) Тәжікстанға интернет бағасын түсіріп, азаматтарға қолжетімді етуді ұсынады.

ADB 3 сәуірде Тәжікстан экономикасына қатысты жаңа есебін жариялады. Онда сонымен бірге интернетті дамыту және ақпараттық технологияға қатысты ұсыныстар айтылған.

«Тәжікстан инфрақұрылымды нығайту және ақпараттық технологияларды дамыту, жастардың білімін көтеру үшін жеткілікті түрде экономикалық көмек алады», - деп атап өтілген есепте.

Тәжікстанда 27 наурыздан бастап монополияға қарсы агенттіктің жарлығы бойынша, мобилді операторлар 1 Мб интернет байланысы үшін 5 дирам (0,05 доллар) алу керек. Осыған дейін бір гигабайт интернет байланысы 30-35 сомони (3-3,6 доллар) тұрса, енді 1 Гб 51 сомониге (5,3 доллар) дейін қымбаттайды. Қосымша құн салығымен 63 сомони (6,7 доллар) болмақ. Бірақ бұл бұйрық әлі күшіне енбеді.

Қоғам белсенділері интернет бағасын қымбаттатпауын талап етіп жатыр.

БАҚ мәліметінше, Тәжікстан халқының 15-40 пайызы интернет пайдаланады. Ал Тәжікстан байланыс қызметінің ақпаратына сәйкес, ғаламторды үш миллион тұрғын қолданады.

XS
SM
MD
LG