Ссылки доступа

Мәскеу мен Душанбе миграция жөнінде жаңа келісімге келмек


Владимир Путин мен Эмомали Рахмон
Владимир Путин мен Эмомали Рахмон

Ресей мен Тәжікстан таяу күндері миграция жөнінде жаңа келісімге қол қояды деп мәлімдеді Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фролов. Бұл шара Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның 17 сәуірде жоспарланған Мәскеуге сапары қарсаңында болмақ.

Биыл ақпан айында Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Эмомали Рахмонның Мәскеуге сапары жоспарланғанын, онда бірнеше келісімдермен қоса миграция мәселесі де сөз болатынын айтқан.

Игорь Лякин-Фроловтың сөзінше, миграция жөніндегі құжатта тәжік азаматтарын ресейлік ірі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа алу мәселесі және миграция қызметінің заңдық мәртебесі қаралған.

Осыған дейін Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров жоғарыдағы құжаттардың миграцияны толық көлеңкеден шығару үшін қажет екенін атап өткен.

Ресейде шамамен бір миллионға жуық тәжік мигранты бар.

XS
SM
MD
LG