Ссылки доступа

Гүлнәра Каримованың адвокаты өзбек әріптестерін "үнсіздер" деп атады


Гүлнәра Каримованың швейцариялық адвокат Twitter-ге қорғалушысы жайында белсенді жаза бастады
Гүлнәра Каримованың швейцариялық адвокат Twitter-ге қорғалушысы жайында белсенді жаза бастады

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнәраны қорғап жатқан швейцариялық адвокат Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) 5 сәуірде Twitter парақшасына өзбек әріптестеріне қатысты пікірін білдірді.

«2016 жылдың желтоқсаны. Маған бірінші рет Гүлнәра Каримовамен кездесуге рұқсат берді. Ташкентте екікүндік тыңдау өтіп, 20 сағатқа созылды. Менің қорғалушымның екі өзбек адвокаты екі күн бойы үндемеді. Үнсіз адвокаттар. Олар қысымның астында отыр. #Әділетсіз әділеттілік», – деп жазды швейцариялық адвокат.

Грегуар Манжа 1 сәуірде Гүлнара Каримовамен кездесу үшін Ташкент түбіндегі Зангиаттағы № 21 әйелдер колониясына барғанын жазған.

«Бірнеше айдан бері өзбек билігінен тұтқындағы күндерді қалай санайды деп сұрап келеміз. Әлі күнге дейін жауап жоқ», – деп жазған Каримованың адвокаты.

Өзбекстан бас прокуратурасы бірер күн бұрын швейцариялық адвокатқа 1-2 сәуірде қорғалушысымен кездесуге рұқсат берген. Азаттықтың өзбек қызметімен сөйлескен Манжа кездесудің бәрін Twitter парақшасына жазамын деп уәде берген.

Гүлнәра Каримова наурыз айының басында үйқамақтан абақтыға ауыстырылған. Оның себебін, үйқамақта ұсталу тәртібін бұзды деп түсіндірген бас прокуратура.

2015 жылы Швецияда, Швейцарияда және АҚШ-та Каримоваға қарсы миллиардтаған доллар пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Өзбекстанда да Каримованы 53 млн доллар шығын келтірді деген айыппен 2017 жылдың желтоқсан айында 10 жыл бас бостандығынан айырған. Кейін Ташкент облыстық соты 5 жыл үйқамақта ұстау жазасымен алмастырған.

XS
SM
MD
LG