Ссылки доступа

Душанбеде шекара бойынша тәжік-қырғыз келіссөзі өтті (видео)


Душанбеде 6 сәуірде тәжік-қырғыз шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөнінде үкіметаралық комиссия отырысы өтті.

Тәжік тарабы шекара мәселесін шешуде нәтиже барын мәлімдеді. Екі елдің ресми делегацияларына Тәжікстан вице-премьері Азим Иброхим мен оның қырғыз әріптесі Жеңиш Разаков жетекшілік еткен.

Кездесу БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз, жабық есік жағдайында өткен.

Таджикско-кыргызские переговоры по границе: есть определенные подвижки
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

Келіссөздер 13-14 наурызда тәжік-қырғыз шекарасында болған кезекті жанжалдан кейін өтіп отыр. Ресми мәлімет бойынша, екі тараптан 20 адам жараланып, екі тәжік азаматы қаза тапқан.

Қырғыз шекара қызметінің мәліметі бойынша, қырғызстандық Ақ-Сай мен тәжікстандық Мехнатабад ауылы тұрғындары арасында жанжал шыққан. Екі тарап бір-бірлеріне тас лақтырған, кейін қырғыз шекарашылары оқ атқан.

XS
SM
MD
LG