Ссылки доступа

Тәжікстанда қоғамдық әжетхана тапшы


Общественный туалет в Кулябе
Общественный туалет в Кулябе

Тәжікстанда қоғамдық әжетхананың аздығы жергілікті тұрғындар ғана емес, туристер үшін де үлкен мәселеге айналып отыр.

Ашхабад тұрғындары мен қонақтарының қалада қоғамдық әжетхана табуы қиындап кетті. Олар әкімшілік ғимараттары мен сауда орталықтарының әжетханаларына сұрануға мәжбүр.

Опера және балет театрына жақын орналасқан "Chicken" фаст-фудының бір қызметкерінің айтуынша, әсіресе мереке және демалыс күндері әжетханаға сұранушылар саны көбейеді.

"Әжетханаға кезекке тұрғандардың көптігі сонша, соны салдарынан күніне екі мәрте сантехник шақыртуға мәжбүр боласың", - дейді фаст-фуд қызметкері Мунира.

Душанбе тұрғыны Елена Борисовнаның пікірінше, қоғамдық әжетханалардың тапшылығына байланысты кейбір қала тұрғындары жол шетінде, алаңдарда әжет сындыруға мәжбүр. "Қала басшылығы бұл мәселені шешуі тиіс", - дейді ол.

Қала әкімшілігі қоғамдық әжетханалар құрылысын жоспарлап отырғанын хабарлады, бірақ олардың көп болуы қала сәнін бұзатынын да ескертті.

Қоғамдық әжетханалардың аздығынан жақында қалада оқыс оқиға тіркелді - 31 наурызда милицияның екі қызметкеі Душанбе тұрғыны Умед Хикоятовтың өзен жағалауында дәрет сындырғанын көріп қойып, оны бөлімшеде аяусыз ұрған. Ауруханада науқастың қуығы жарылып кеткені анықталды.

XS
SM
MD
LG