Ссылки доступа

Наманганда жазаны орындау бюросы қызметкерін ұрған студент 3,5 жылға сотталды


Uzbekistan - President Mirziyoyev founded special group MIB
Uzbekistan - President Mirziyoyev founded special group MIB

Әндіжан медициналық институтының 26 жастағы студенті Хондамир Тургунов Өзбекстан бас прокуратурасының Жазаны мәжбүрлі түрде орындату бюросының қызметкерін ұрғаны үшін сотталды.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 5 сәуірде Нарын аудандық соты студентті "билік өкіліне қарсылық көрсетіп", "оның денсаулығына қасақана зиян келтірді" деп айыптармен 3 жыл 4 айға соттады.

Еске салайық, бұл оқиға биыл 6 ақпанда болған. Сол күні Наманган облысы Нарын ауданына қарасты Шурарик махалласының тұрғыны Илхомжон Ерматовқа Жазаны мәжбүрлі түрде орындату бюросының қызметкеі Абдуллажон Мамадалиев келген. Ол Ерматовтан 32 760 000 сум (3,9 мың доллар) алимент төлеуін талап еткен. Бірақ Илхомжон Ерматовтың ұлы Хондамир Тургунов бюро қызметкерін ұрған. Қолы сынған қызметкер ауруханаға түсті, ал Тургуновты милиция ұстады.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Жазаны мәжбүрлі түрде орындату бюросының жүзге жуық қызметкері қызмет бабын орындау кезінде шабуылға ұшыраған.

XS
SM
MD
LG