Ссылки доступа

"Вечерний Бишкек" газетінің бұрынғы қожайыны Александр Кимге қарсы қылмыстық іс тоқтатылды


Бішкектің Свердлов аудандық соты "Вечерний" Бишкек" баспа үйі" компаниясының бұрынғы қожайыны Александр Кимге қарсы қылмыстық іс тоқтатты. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Кимнің адвокаты Сергей Воронцов хабарлады.

Оның айтуынша, сот қорғаушының қылмыстық істі негізгіз қозғалғаны туралы шағымын қанағаттандырған.

Еске салайық, Александр Кимге қарсы қылмыстық іс 2016 жылы қозғалған. 2018 жылы ақпанда Свердлов аудандық соты оны 6 жылға шартты түрде соттау туралы шешім шығарды.

Сол жылы маусымда қалалық сот үкімді күшінде қалдырды, бірақ қазан айында Жоғарғы сот үкімді жойып, істі алғашқы инстанцияның қарауына қайтарған.

XS
SM
MD
LG