Ссылки доступа

Өзбекстан салық комитеті қызметкерлерінің жаппай жұмыстан қуылғанын терістеді


Өзбекстан мемлекеттік салық комитеті (МСК) Шайхантахур ауданы салық инспекциясы қызметкерлерінің жаппай қызметінен алынғанын теріске шығарды.

Аталған мекеменің хабарлауынша, қазіргі кезде тек Шайхантахур ауданы салық инспекциясының басшысы ғана кеткен.

Өткен аптаның соңында ел президентінің бұйрығы бойынша бір күнде 133 салық қызметкері жұмыстан қуылды деген ақпарат жарияланған.

4 сәуірде президент Шавкат Мирзияев өзі жетекшілік еткен үкімет отырысы кезінде салық қызметін сынға алып, мемлекеттік кірісті жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алмай отыр деген.

Ресми мәліметке қарағанда, Ташкенттегі 11 ауданның 7-і салық жоспарын орындамаған. Мемлекеттік бюджетке жоспарланған 515 млрд сум (61 млн доллар) түспеген. Осыған байланысты аудандық салық инспекциясының басшылары қызметінен алынған.

XS
SM
MD
LG