Ссылки доступа

Өзбекстанда 60 үйсіз қоқыс өңдеу кәсіпорынына жұмысқа тұрды


Ташкенттің Яккасарай ауданындағы қоқыс өңдеу мемлекеттік кәсіпорыны тұрғылықты мекені жоқ 60 адамды жұмысқа алды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына Өзбекстан экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік кәсіпоры ұйымдастырған турда үш қоқыс өңдеу станциясының басшысы Рафаэль Бекмулин хабарлаған.

Жобаға Eco World инвестиция салды. "Пайда табу емес, ең әуелі әлеуметтік мәселені шешуді көздедік. Адамдарға төлөқұжат жасалып, 500−600 мың сум ($60-$70) айлық төленеді", — деді Рафаэль Бекмулин.

Қоқыс өңдеу желісі тәулігіне 100 тонна қоқысты өңдейді. Жыл аяғында өңделген қоқыс басқа бір станцияға жеткізіледі. Яккасарай кәсіпорынында қытайлық әріптестердің көмегінемн қуаты 600 тонналық үш жаңа желі орнатылған.

Үйсіздерге арналған тұрғын үй павильонында жатын орыны, асханасы, жуыну орыны бар бөлме және медпункт ашылған. Жақында тұрғындарға кір жуғыш сатып алып береді.

XS
SM
MD
LG