Ссылки доступа

Путин Мюллер зерттеуіне қатысты пікірін білдірді


Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы мүмкіндігі бойынша арнайы прокурор Роберт Мюллердің тергеуінің қорытындысы бойынша пікірін білдірді.

Путиннің айтуынша, тергеу жұмыстарының қорытындысы алдын-ала белгілі болған.

«Біз басында-ақ Мюллер мырзаның комиссиясы ешнәрсе таппайды деп айтқанбыз. Мұны тек Америкадағы ішкі саяси күрес үшін пайдаланып отыр»,- дейді Путин.

АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауы кампаниясына Ресейдің араласуы мүмкіндігі жөнінде зерттелген құжаттың нәтижесін елдің бас прокуратурасы жариялаған. Бас прокурор Уильям Барр Трамптың заңдарды бұзғаны анықталмады деп мәлімдеген. Бірақ тергеушілер екі ресейлік ізді тапқан. Бұлар- әлеуметтік желілерде АҚШ жайында жалған ақпарат тарату және хакерлік шабуыл.

Мюллер​ баяндамасы сәуір айының ортасында АҚШ Конгресіне беріледі.

XS
SM
MD
LG