Ссылки доступа

Өзбекстан президенті 3,6 млрд долларлық 27 жобаның іске асырылуын өзі қадағалайды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев бірқатар компаниялардың Қашқадария, Самарқанд, Сұрхандария, Наманған, Ферғана және Хорезм облысы бойынша инвестициялық мәселелер бойынша жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты.

Президент баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылдың алғашқы тоқсанында бөлінген инвестициялық қаржы әлі жеткілікті жүзеге асып жатқан жоқ.

Инвестициялық жоба бойынша, 2019 жылы 14 млрд долларға 3,2 мың жоба жүзеге асырылуы тиіс. Атап айтқанда, шетелдік инвесторлар бөлген 4 млрд доллар бойынша 320 жоба жұмыс істеуі керек.

Жобаларды жүзеге асыру бойынша президент жаңа басқару жүйесін ұсынды. Ең бірінші маңызды стратегиялық жобаларды атқаруы керек. Бұған 3,6 млрд долларлық 27 маңызды жоба кірмек. Президент олардың жүзеге асырылуы тікелей өзінің бақылауында болатынын айтқан.

Екінші деңгейдегі 1,3 млрд долларлық 65 ірі жоба премьер-министрдің бақылауында болмақ.

XS
SM
MD
LG