Ссылки доступа

Израильдегі парламент сайлауында аздаған басымдықпен билік партиясы алда келеді


Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху в окружении сторонников
Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху в окружении сторонников

Израильде 9 сәуірде өткен парламент сайлауында берілген дауыстың 96 пайызы саналып бітті. Елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жетекшілік ететін биліктегі "Ликуд" партиясы алда келеді.

Ол кнессеттегі (парламенттегі) 37 орынды алған. Екінші орында оппозициялық "Кахоль-Лаван" блогы – 36 орын. Бұл туралы израильдік үш телеарнаға сілтеме жасап, Reuters хабарлады.

Болжам бойынша, "Ликуд" пен оның оңшыл-центристік коалиция бойынша серіктестері Израиль парламентіндегі 120 орынның 65-ін алады.

"Гаарец" газетінің жазуынша, сайлауда үшінші орынды әсіредіншіл ШАС партиясы иемденеді. Жеті мандатты иемденетін әсіреортодокс "Яхадут ха-Тора" блогы – төртінші орында. СССР-ден шыққан саясаткер Авигдор Либерман басқаратын "Үйіміз – Израиль" партиясы әзірге парламенттегі алты орынды иемденіп тұр.

Алдын ала жарияланған дерек бойынша, сайлауға азаматтардың 61 пайызы келген. Бұл 2015 жылы өткен сайлаудағы көрсеткіштен төмен.

Нетаньяху да, "Кахоль-Лавандағы" центристер де өздерінің сайлауда жеңгенін мәлімдеген. Кнессеттегі 120 орынға 14 партияға таласып жатыр.

Нетаньяху Израиль үкімет 2009 жылдан бері басқарады. "Жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін" деген айыптар айтылғанына қарамастан премьерді жақтайтындар көп. Нетаньяхуды АҚШ президенті Дональд Трамп қолдайды. Вашингтон таяуда АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіріп, Голан жоталарын Израиль аумағы деп тануы Израиль билігін қолдау ретінде бағаланған.

"Кахоль-Лаван" – Израиль армиясы бас штабының бұрынғы бастығы Бени Ганц пен бұрынғы қаржы министрі, журналист, драматург Яир Лапид екеуі басқаратын саяси блог. Бұл блог сайлау қарсаңында жемқорлықпен күресетінін баса көрсеткен.

XS
SM
MD
LG