Ссылки доступа

Тәжікстан Рогун ГЭС-інің құрылысы үшін Дүниежүзілік банктен көмек сұрады


Тәжікстан Рогун ГЭС-інің құрылысына шетел инвесторларын тарту үшін Дүниежүзілік банктен көмек сұрады.

Тәжікстан Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Жамолиддин Нуралиев Дүниежүзілік банктің аға экономисі Гоар Гюлуман мен аталған мекеменің Тәжікстандағы өкілі Ян Питер Олтерспен кездесті. Гоар Гюлуман Тәжікстанда жұмыс бабымен он күн болды.

Кездесуде Нуралиев Рогун ГЭС-інің аймақтық маңызы туралы айтып, оның құрылысына шетел инвесторларын тарту мәселесінде Дүниежүзілік банктен көмек сұраған.

Тәжікстан осы уақытқа дейін Рогун ГЭС-інің құрылысын өз қаражатымен жүргізіп келді. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, биыл осы құрылысқа 2 млрд 100 млн сомони (222 млн доллар) бөлінген. Өткен жылы осы мақсатқа 4,7 млрд сомони жұмсалған.

2017 жылы күзде Тәжікстан мемлекеттік құнды қағаздардың алғашқы партиясын АҚШ-тың қаржы нарығында 500 млн долларға сатты. Түскен қаражаттың барлығы Рогун ГЭС-інің бөгетін салуға, құрал-жабдық сатып алуға жұмсалды.

XS
SM
MD
LG