Ссылки доступа

Тәжікстанда оппозиция белсендісі Наимджон Самиев сот үкіміне қарсы шағымданбақ


Наимджон Самиев
Наимджон Самиев

Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясының белсендісі, 15 жылға сотталған Наимджон Самиев сот үкіміне наразылық білдіріп, қайта шағымданбақшы.

9 сәуірде Самиев үйінде жарылғыш заттар сақтады және экстремистік ұйымның мүшесі болды деген айыппен 15 жылға сотталған. Сот ісі жабық өтті.

Наимджон Самиевтің адвокаты қорғалушысымен абақтыда кездескенін, оның сот үкімімен келіспейтінін, қайта шағымданатынын жеткізді.

«Біз де сот үкімімен келіспейміз. Менің ұлымды алдап соқты. Тергеушілер егер тағылған айыптарды мойныңа алатын болсаң, рақымшылықпен босатамыз деген», - дейді сотталушының әкесі Абубакр Самиев.

Абубакр Самиев 2015 жылы милиция қызметкерлері ұлының үйіне тінту жүргізіп, қару-жарақ тапқан дейді. Бірақ мұның бәрін арнайы ұйымдастырғанына сенімді.

56 жастағы Наимджон Самиев былтыр желтоқсан айында Шешенстанда ұсталып, Тәжікстанға жеткізілген. Кейін YouTube желісінде оның өз еркімен Душанбеге оралғаны туралы видеоүндеуі жарияланды.

XS
SM
MD
LG