Ссылки доступа

Ошта 15 жастағы қыз туған әкесінен бала тапқан


Ошта перзентханалардың бірінде 15 жастағы қыз туған әкесінен бала туып, оны алудан бас тартқан. Бұл жөнінде "Ак журок" дағдарыс орталығының жетекшісі Дарика Асылбекова хабарлайды.

«Мерзімінен бұрын толғағы келген. Сол үшін операция жасауға тура келген. Жасөспірім нәрестесінен бас тартқан. Ата-анасы оны қолдап отыр. Біз оны дағдарыс орталығына алып кетеміз», - дейді Асылбекова.

Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы дейді. Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Кейін баланы оңалту орталығына жібермек.

Жасөспірімнің туған анасы 2013 жылы ауыр кеселден қайтыс болған екен. Бауырларымен әкесінің қолында тұрған. Мектепке бармаған.

2019 жылдың қаңтар айында қыздың әкесі зорлады деген күдікпен ұсталған. Милиция мәліметі бойынша, әкесі психикалық аурумен ауырады. Қазір оның ісі Өзген сотында қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG