Ссылки доступа

Украинада "Зеленскийді соғып жатқан" видеоға қатысты іс қозғалды


Украина президентіне үміткер Владимир Зеленский
Украина президентіне үміткер Владимир Зеленский

Украина полициясы жүк көлігі президенттікке үміткер Владимир Зеленскийді соғып жатқан видеороликке қатысты іс қозғады. Бұл жөнінде "Настоящее время" телеканалы Украина ұлттық полициясына сілтеме жасап хабарлады.

Іс мемлекеттік немесе қоғам қайраткерге қауіп төндіру бабы бойынша қозғалған. Видеода Владимир Зеленский халықтың алдында кетіп бара жатқанда, артынан жүк көлігі соғады. Осыдан кейін ақ ұнтақ пен доллар купюралары мен "Әркімнің өз жолы бар" деген жазу шығады.

Полиция әлеуметтік желі әкімшіліктерінен видеожазбаны өшіруді талап ететін хат дайындап жатқанын мәлімдеді. Зеленский командасы болса оған күзетті күшейтуді сұрап жатыр. Олар мұны Украина президенті Петр Порошенконың жақтастары таратуы мүмкін дейді. Себебі бұл ролик ең алдымен мемлекет басшысына қатысы бар телеграм-каналдарда таралған.

Порошенко сайлау штабы бұл видеоға әзірге пікір білдірмеді.

31 наурызда Украинада өткен президент сайлауында Зеленский 30 пайыз дауыс жинап, ал Порошенко 16 пайызбен екінші кезеңге өткен.

XS
SM
MD
LG