Ссылки доступа

Өзбекстанда Гүлнара Каримованың немере ағасының мүлкін аукционға шығарды


Өзбекстанда Гүлнара Каримованың немерелес ағасы Акбарали Абдуллаевтың жылжымайтын мүліктерін аукционға шығарды деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Абдуллаев Ферғана облысындағы бірқатар өнеркәсіп нысанбарына бақылау жасаған, солардың ішінде Ферғана мұнай өңдеу зауыты мен "Кувасайцемент" компаниясын атауға болады.

Акбарали Абдуллаев Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың әйелі Татьяна Каримованың туған сіңлісі Тамара Сабированың ұлы. Ферғанада Абдуллаевты "ферғаналық ханзада" деп атаған, өйткені ол анасы екеуі 2000-жылдары Ферғана алқабына бейресми иелік еткен.

2013 жылы 10 қазанда Абдуллаев экономикалық қылмыстарды жасағаны үшін айыпталып, Ислам Каримовтың тапсырмасымен ұсталған. 2014 жылы ол 15 жылға сотталды, кейін жаза мерзімі 6 жыл және 6 айға төмендетілді.

2,5 жылдан соң Акбарали Абдуллаев рақымшылықпен шартты түрде уақытынан бұрын босатылған. Бірақ ол елден заңсыз қашып кеткен.

Акбарали Абдуллаев 2017 жылы қаңтарда Украинада ұсталды. Ал 26 сәуірде сот Каримовты үйқамаққа ауыстырылды. 2017 жылы жазда ол Украинада босқын мәртебесін алып, бұл елден көшіп кеткен.

Оның есімі Интерпол іздеуіндегі адамдар тізімінен алып тасталынды. Қазір Абдуллаевтың қай елде тұрып жатқаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG