Ссылки доступа

Худжанд колониясындағы бүліктен соң Тәжікстан түрме жүйесінің басшылары ауысты


Колония строгого режима в Худжанде
Колония строгого режима в Худжанде

Тәжікстанда Әділет министрлігінің қылмыстық жазаны орындау бас басқармасы жүйесінің басшылары ауысты.

Бас басқарма басшысы Мансурджон Умаров жүйедегі бірқатар басшы ауысқанын растады, бірақ ол кадр өзгерістерінің Худжанд колониясына қатысы жоқтығын ескертті.

Тәжікстанның солтүстігінде екі колония және екі тергеу абақтысы бар. Олардың барлығы да Худжанд қаласында орналасқан.

Худжанд колониясындағы оқиға өткен жылы 8 қарашада тіркелді. Ресми мәлімет бойынша, түрмедегі бүліктен 21 жазасын өтеуші қаза тапты. Бірнеше күннен соң колонияның бірнеше қызметкері, соның ішінде оның басшысы Файзуллоджон Сафаров ұсталды. Оған қарсы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG