Ссылки доступа

Зергерлер Қырғызстанда өндірілген алтынның бір бөлігін елде қалдыруға шақырды


Қырғызстандық зергерлер елде өндірілген алтынның бір бөлігін шетелге шығармауын сұрады. Үкімет бұл мәселені бірнеше жылдан бері шеше алмай отыр.

Қырғызстан ұлттық статистика комитетінің басшысы Гүлсара Сулайманова өткен жылы алтын экспортының көлемі қанша болғанын атады. "2018 жылы Қырғызстан экспорттың 37,6 пайызы алтын болды. Бұған дейін алтын Швейцария мен Біріккен Араб Әмірліктеріне сатылып келсе, өткен жылы негізінен Ұлыбританияға өткізілген. Аз бөлігі Түркия, Италия және Қытайға жөнелтілген", - деді ол.

Комитет мәліметі бойынша, өткен жылы Қырғызстан 16 тонна 477 келі 782,1 грамм таза алтын экспорттаған.

"Келдике" зергерлік компаниясының негізін қалаушы Чынгыз Макешовтің айтуынша, зергерлер алтын сатып алу үшін ашық биржа ашуды ұсынған. "Жергілікті зергерлер отандық алтынның екі пайызын ғана қолданады. Біз оны сыртқа шығармай, елде өңдейтін болсақ, әрбір келі алтын он адамға жұмыс берер еді", - деді Макешов.

Оның айтуынша, Қырғызстанда зергерлік салады 600 компания жұмыс істейді, солардың 50-і ғана зергерлік өнім шығарады. Өйткені олар зергерлік өнім жасау үшін шикізат табудан қиналады.

XS
SM
MD
LG