Ссылки доступа

Трамп жаңа президент науқанына 40 млн доллар жинады


Сторонники переизбрания президента Трампа
Сторонники переизбрания президента Трампа

АҚШ президенті Дональд Трамп тобы 2020 жылғы жаңа сайлау науқанын қаржыландыруға үш айда 30 миллион доллар жинаған.

Өткен жылғы қаражатты қоса есептегенде, барлығы 41 миллион доллар жиналған.

​Дональд Трамп 2017 жылы инаугурация салтанатынан бірнеше сағаттан соң қайта сайлану науқанын ресми түрде жариялады. Бұған дейінгі президенттердің ешқайсысы науқанды ерте ашпаған еді. Мысалы, Барак Обама қайта сайлауға түсу науқанын сайлауға бір жарым жыл қалғанда жариялаған. Сол кезде оның штабында бар болғаны 2 миллион доллар болған.

Трамп тобы саясаткердің қайта сайлануына бір миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр. Обама 2012 жылы 720 миллион жинаған еді.

АҚШ-та президент сайлауы 2020 жылы өтеді.

XS
SM
MD
LG