Ссылки доступа

Путин мен Ким Чен Ын сәуірдің аяғында Владивостокта кездесуі мүмкін


Лидер КНДР Ким Чен Ын
Лидер КНДР Ким Чен Ын

Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын келесі аптаның соңында кездесуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы "Рёнхап" агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, Владимир Путин Владивостокқа 26–27 сәуірде Пекинге жоспарланған сапары қарсаңында келеді. Мұнда "Бір белдеу, бір жол" форумы ұйымдастырылады. Владивостокқа Ким Чен Ын келеді деп жоспарланған.​

КХДР жетекшісі Вашингтонға қысым көрсету мақсатында Ресей президентінің қолдауына ие болуға тырысады деген болжам жасалды. Бұның алдында Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен үшінші мәрте кездесуға дайын екенін, бірақ ол үшін Вашингтон өз позициясын өзгертуі керектігін мәлімдеген.

Жақында Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трампты келіссөздердің "америкалық үлгісінен" - өз талаптарын ғана ұсынудан бас тартуға шақырған.

Екі ел жетекшісі тарихта алғаш рет өткен жылы маусым айында Сингапурде кездескен. КХДР мен АҚШ арасындағы екінші форум биыл ақпан айында Ханойда өтті.

XS
SM
MD
LG