Ссылки доступа

Ашғабадта қоғамдық көлікке сұраныс көбейген


Ашғабадта қоғамдық көліктер жолаушыларға лық толып, салонға сыймаған адамдардың өзара жанжалдасып қалатын оқиғалары көбейген. Елде жеке таксилерге тыйым салынғаннан кейін, қоғамдық көлікке сұраныс артқан.

Түркіменстан орталығында қоғамдық көліктерден тек автобустар ғана жүреді.

Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлағандай, автобустар өз уақытымен жүрмей, тұрғындар жұмысқа, оқуына кешігіп барып жүр. "Қоғамдық көліктерде жазылмаған ереже бар. Әдетте, алдыңғы орындықтарға әйелдер, артқы орындықтарға ер адамдар отырады. Егер араласып кетсе, өзара ұрсысып шығады”, – дейді тілші.

4 сәуірде Түркіменстанның ішкі істер министрі Искендер Муликов заңсыз жолаушы таситын такси жүргізушілерін ретке келтірмеді деп ел президентінен сөгіс алған. Осыдан кейін жол полициясы астанаға жаппай рейд жүргізіп, жүргізушілерге айыппұл сала бастаған.

XS
SM
MD
LG