Ссылки доступа

Тәжікстанда жөндеу жұмыстарынан кейін Рогун ГЭС-не су жинала бастады


Тәжікстанда Рогун ГЭС-і басшылығы су қоймасына су жинала бастағанын растады. Мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қоймадағы суды ағызып жіберген болатын.

"Жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді қайта толтырылып жатқан су 60 метрге жеткеннен кейін, бірінші агрегатты іске қосамыз" деді Рогун ГЭС-і басшылығы. Осыған дейін жөндеу жұмыстары 31 наурызға дейін созылады деп хабарланған.

Тәжікстанда Рогун ГЭС-інің алғашқы гидроагрегаты былтыр қараша айында қосылған. Ол кезде бұл гидроагрегат уақытша сағатына 390 МВт қуатпен жұмыс істейді, кейін біртіндеп, қуатын 600 МВт-қа жеткіземіз деген.

Өткен аптада Тәжікстан билігі Дүниежүзілік банктен Рогун ГЭС-ін толық аяқтау үшін инвестиция тартуға көмектесуін сұраған.

XS
SM
MD
LG